Саусақ іздері Шемонаихадағы ашық қалған көліктен жасалған ұрлықты ашуға көмектесті

Саусақ іздері Шемонаихадағы ашық қалған көліктен жасалған ұрлықты ашуға көмектесті

Саусақ іздері Шемонаихадағы ашық қалған көліктен жасалған ұрлықты ашуға көмектесті

Шемонаихада полиция қызметкерлері оқиға орнында табылған іздер бойынша күдіктіні анықтап, автокөліктен жасалған ұрлықты ашты. 

Бәрі ашық қалған автокөліктен басталған. Volkswagen Vento көлігі үйдің жанында тұрған және иесі оны құлыптамай кеткен. Осыны пайдаланған қаскөй салоннан екі ұялы телефонды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгені құрады. 

Көлікті тексеру барысында мамандар саусақ іздерін тапты. Олар «Папилон» дактилоскопиялық базасы бойынша тексерілді. Нәтижесінде 42 жастағы жергілікті тұрғынның деректерімен сәйкестік анықталды.

Полицейлер ер адамның жеке басын анықтап, оны ұстады. Одан әрі жүргізілген тергеу әрекеттері барысында ол ұрлық жасағанын мойындап, телефондарды өз еркімен тапсырды. Мүлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды. 

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ашық қалған автокөлік қаскөйлер үшін оңай олжа болып көрінетінін ескертеді. Аз уақытқа кетсеңіз де, есіктер мен терезелерді жауып, көлікті дабыл жүйесіне қойыңыздар және телефон, құжаттар, ақша мен басқа да бағалы заттарды қалдырмаңыздар.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі