Теориядан тәжірибеге: ШҚУ студенттеріне тергеушілердің жұмысы таныстырылды

Теориядан тәжірибеге: ШҚУ студенттеріне тергеушілердің жұмысы таныстырылды

Теориядан тәжірибеге: ШҚУ студенттеріне тергеушілердің жұмысы таныстырылды

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті мен Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында дуальды оқытуды іске асыру жұмыстары жалғасуда.

Жаңа оқу жылының басталуымен Полиция департаменті студенттерге арналған практикалық бағыттағы сабақтарды жалғастыруда. Университетте ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Ғазиз Нұралин болашақ мамандарға дәріс өткізді.

Сабақ қылмыстық құқықтың негізгі ұғымдарына, оның міндеттері мен қағидаттарына, қылмыстық заңға және қылмыстық құқық бұзушылықтарға арналды. Студенттерге Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы негізгі нормалар түсіндіріліп, олардың практикалық қызметте қолданылу ерекшеліктері айтылды.

Теориялық материал тергеу бөлімшелерінің жұмысынан алынған нақты мысалдармен толықтырылды. Бұл қылмыстық заң нормаларының нақты құқық бұзушылықтарды тергеу барысында қалай қолданылатынын түсінуге мүмкіндік берді.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерінен жауап алды.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі