
ШҚО полициясында қызметтік тәртіп мәселелері талқыланды
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манапов Марқакөл ауданының полиция бөлімінің жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында қызметтік тәртіпті сақтау, заңдылық талаптарын орындау және қызметтік әдепті сақтау мәселелері қаралды. Жерлестікке жол бермеу, әріптестерге объективті қарым-қатынас жасау және жанжал жағдайларының алдын алуға ерекше назар аударылды.
Жеке құрам жөніндегі инспекция бөлімінің қызметкері, полиция подполковнигі Руслан Әзімжанов жеке құрамға ІІМ бекіткен алгоритмнің негізгі талаптарын түсіндірді. Құжатта құқық бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлық көріністері мен қызметтік әдеп талаптарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ қызметтік тәртіпке кері әсер етуі мүмкін факторларды анықтау жөніндегі шаралар қарастырылған.
Сонымен қатар ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал мәселелері талқыланды. Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша ақпаратпен Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының психологиялық жұмыс тобының аға инспектор-психологы, полиция капитаны Альмира Ермағамбетова таныстырды.
Кездесу барысында сервистік полицияның негізгі қағидаттарына да назар аударылды. Олар азаматтарға мұқият әрі құрметпен қарауды, өтініштерді сапалы қарауды және қажетті көмек көрсетуді қамтиды.
Серік Манаповтың жеке құраммен мұндай жұмыс кездесулері бұған дейін Ұлан, Глубокое және Шемонаиха аудандарының полиция бөлімдерінде, сондай-ақ Үлбі полиция бөлімінде өткізілген.
ШҚО ПД баспсөз қызметі