Қоғамдық тәртіп пен абаттандыру: ШҚО полицейлері профилактикалық рейд жүргізді

Қоғамдық тәртіп пен абаттандыру: ШҚО полицейлері профилактикалық рейд жүргізді

Қоғамдық тәртіп пен абаттандыру: ШҚО полицейлері профилактикалық рейд жүргізді

Облыс орталығына жақын орналасқан бау-бақша серіктестіктерінің бірінде полиция қызметкерлері профилактикалық рейд жүргізді. Бұған тұрғындардың қоғамдық тәртіптің бұзылуына, соның ішінде катерлерден шығатын қатты шуға және қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішуге қатысты шағымдары себеп болды.

Рейд барысында полицейлер жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге тұрғындар көтерген мәселелерді тексерді. Азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар аумақтың санитарлық және абаттандыру жағдайына назар аударылды. Тұрмыстық қоқыс пен өсімдік қалдықтары жиналған орындар анықталды. Тұрғындарға аумақты уақытылы ретке келтіру және қоқысты белгіленбеген жерлерге тастауға жол бермеу қажеттігі айтылды.

Рейд қорытындысы бойынша құқық бұзушылардың біріне ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Профилактикалық рейдтер қоғамдық тәртіпті сақтау, абаттандыру талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және тұрғындарды мазалаған мәселелерді уақытылы шешу мақсатында жүргізіледі.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі