Алтай қаласында полиция қызметкерлері өртке оранған үйден баланы аман алып шықты

Алтай қаласында полиция қызметкерлері өртке оранған үйден баланы аман алып шықты

Алтай қаласында полиция қызметкерлері өртке оранған үйден баланы аман алып шықты

14 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында Алтай қаласының оңтүстік бөлігін патрульдеу кезінде «Алтай 03» патрульдік автокөлігінің экипажы жеке сектор аумағынан қалың түтіннің көтерілгенін байқаған.

Тәртіп сақшылары дереу түтін шыққан аумаққа бет алған. Алтай көшесіндегі №3 үйге келген бойда олардың жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқанын көрген.

Терезеден жылап жатқан баланы көрген полиция майоры Азамат Талғатұлы Қанапин өрт сөндірушілерді күтіп тұрмай, дереу көмекке ұмтылған. Оған әріптестері – взвод командирі, полиция капитаны Ринат Серікканович Құниязов пен патрульдік полиция взводы қызметінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Смағұлов Абзал Канатұлы бірден көмекке келіп, бірігіп терезені сындырды. Осыдан кейін майор Қанапин түншігіп қалған үйдегі баланы тез арада сыртқа шығарып, қауіпсіз жерге алып кетті.

Сондай-ақ оқиға орнында жүрген көрші де дереу шұғыл қызметтерге хабарласып, өз кезегінде көмек көрсеткен.

Көп ұзамай оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем бригадасы келіп жетті. Құтқарылған бала дәрігерлерге тапсырылып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ.

Полицейлер мен көршінің жедел әрі үйлесімді батыл әрекеттерінің арқасында бала уақытылы құтқарылып, қайғылы жағдайдың алды алынды.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі