100 миллион теңгеден астам қаражат және жылдарға созылған іздеу: ШҚО көші-қон қызметі борышкерді жылдар өткен соң тапты

Бұл оқиға 2010 жылы бастау алған. Облыс тұрғыны Бұқтырма аумағында тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін өз серіктесіне 100 миллион теңгеден астам қаржы берген. Алайда кейіннен жағдай өзгеріп, қаржылық міндеттемелер орындалмай қалған.

Әйел адам бұрынғы тұрғылықты мекенжайынан кетіп, байланысқа шықпай қойғаннан кейін, сот орындаушысы оған іздеу жариялады. Оның жүрген жерін анықтау ұзақ уақыт бойы мүмкін болмады.

Шығыс Қазақстан облысы көші-қон қызметі қызметкерлерінің жүргізген жұмысы нәтижесінде іздеуде жүрген азаматшаның көрші мемлекет аумағында жүргені анықталды. Оның орналасқан жері туралы ақпарат атқарушы өндіріс аясында тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды.

Бұл — іздеуде жүрген азаматтарды анықтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың тек бір мысалы ғана. Жыл басынан бері облыстың көші-қон қызметінің қызметкерлері іздеуде жүрген 70-тен астам адамның орналасқан жерін анықтады.

Мұндай әрбір іздеудің артында нақты міндеттемелер, сот шешімдері және олардың орындалуын күткен адамдар тұр. Борышкерлердің жүрген жерін табу атқарушы өндірістерді құқықтық алаңға қайтарып, заңда көзделген жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді.

ШҚО ПД баспасөз қызметі