ШҚО-ның барлық ауданында ЖБО жұмыс істейді: қауіпсіздік – цифрлық бақылауда

ШҚО-ның барлық ауданында ЖБО жұмыс істейді: қауіпсіздік – цифрлық бақылауда

ШҚО-ның барлық ауданында ЖБО жұмыс істейді: қауіпсіздік – цифрлық бақылауда

Шығыс Қазақстан облысының барлық ауданында жедел басқару орталықтары жұмыс істейді. Олар қоғамдық ахуалды тәулік бойы бақылап, полицияның жедел әрекет етуін қамтамасыз етеді.

Жедел басқару орталықтары бейнебақылау жүйесін, заманауи бейнеаналитика технологияларын және полицияның жедел әрекет ету тетіктерін біріктіреді. Ақпарат нақты уақыт режимінде келіп түседі. Бұл қызметкерлерге жағдайды дер кезінде бағалап, қажет болған жағдайда оқиға орнына жақын патрульдік жасақтарды бағыттауға мүмкіндік береді.

Цифрлық технологиялардың негізгі міндеті – болған жағдайды тіркеп қана қою емес, құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік беретін озық тәсілдерді қолдану. Бейнеаналитика қалыптан тыс жағдайларға дер кезінде назар аударып, оның әрі қарай өрбуіне жол бермеуге көмектеседі.

Жүйе арқылы алынған ақпарат қоғамдық ахуалды талдау үшін де пайдаланылады. Соның негізінде ерекше назар аударуды қажет ететін учаскелер анықталып, профилактикалық жұмысты неғұрлым тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туады.

Бұл ретте цифрлық технологиялар полиция қызметкерлерінің жұмысын алмастырмайды, керісінше олардың тиімді құралы болып табылады. Олар қажетті ақпаратты жедел алуға, жағдайды бағалауға және тиісті шешім қабылдауға көмектеседі.

Бүгінде ЖБО Шығыс Қазақстан облысының барлық ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай цифрлық жүйесін қалыптастырып отыр. Оның мақсаты қарапайым: мәселені ертерек анықтау, жедел әрекет ету және құқық бұзушылыққа жол бермеу.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі