Қызметтік тәртіп, заңдылық және жауапкершілік туралы

Қызметтік тәртіп, заңдылық және жауапкершілік туралы

Қызметтік тәртіп, заңдылық және жауапкершілік туралы

ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манапов ШҚО ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаевпен бірге Ұлан, Глубокое және Шемонаиха аудандық полиция бөлімдерінің, сондай-ақ Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімінің жеке құрамымен жұмыс кеңестерін өткізді.

Кездесулер барысында қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қызметтік әдеп талаптарының бұзылуының алдын алу, қызметкерлердің жол жүрісі қағидаларын сақтауы, сондай-ақ ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуал мәселелері талқыланды.

Жеке құраммен жүргізілетін профилактикалық жұмыстарға да ерекше назар аударылды. Серік Манапов заң бұзушылыққа әкелуі мүмкін себептерді дер кезінде анықтап, қажетті шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Профилактикалық жұмыстың басты мақсаты — құқық бұзушылыққа жол бермеу, болуы мүмкін фактілерді дер кезінде анықтап, қажетті шараларды қабылдау. Әрбір қызметкер заң талаптарын, қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларын сақтаудағы өз жауапкершілігін түсінуі қажет», — деп атап өтті Серік Манапов.

Кеңестер барысында сервистік полиция қағидаттарына да назар аударылды. Қызметкерлерге халықпен күнделікті қарым-қатынас барысында азаматтарды мұқият тыңдау, мәселесін түсінуге тырысу, құқықтарын сауатты түсіндіру және қажетті көмек көрсету арқылы қоғам сенімін қалыптастырудың маңызы түсіндірілді.

Өз кезегінде ШҚО ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев қызметке жауапкершілікпен қарап, полиция қызметкері деген абыройлы атақты лайықты алып жүруге және әр қызметкерге артылған жоғары сенімді бағалауға шақырды.

«Қызметтің әр күні — өз еңбегіңмен әріптестердің құрметіне және азаматтардың сеніміне ие болуға берілген мүмкіндік. Өз ұстанымдарыңа адал болып, қызметтік міндеттеріңді абыроймен атқарып, полиция қызметкері деген атты жоғары дәрежеде алып жүру маңызды», — деді Нұрлыбек Үдербаев.

Сонымен қатар қызметте жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген қызметкерлерде назардан тыс қалмады. Әр бөлімде үздік нәтиже көрсеткен полицейлер Шығыс Қазақстан облысының әкімі атынан алғыс хаттармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және ШҚО Полиция департаменті бастығының грамоталарымен марапатталды.

Жұмыс кездесулері жеке құраммен қызметтің өзекті мәселелерін талқылап, алдағы міндеттерді айқындауға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қосып жүрген қызметкерлерге қолдау білдіруге жақсы мүмкіндік болды.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі