
Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері полиция қызметкерлері 100-ге жуық хабар-ошарсыз кеткен тұрғынды тапты
2026 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған 100-ге жуық азаматтың жүрген жерін анықтады. Олардың арасында 56 кәмелетке толмаған бала бар.
Адамдардың жоғалуына қатысты әрбір дерек ерекше бақылауда тұрады. Хабарлама түскеннен кейін криминалдық полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларына кірісіп, мән-жайды саралайды және із-түзсіз жоғалған адамның қайда екенін анықтау үшін қажетті шараларды қабылдайды.
Іздеу жұмыстарында аумақтарды тексеру, жаяу және автопатрульдер, ізшіл иттер сынды дәстүрлі әдістермен қатар, заманауи технологиялар да қолданылады.
Бет-әлпетті тану функциясы бар бейнебақылау камералары адамның жүрген бағытын қалпына келтіруге көмектессе, тепловизормен жабдықталған ұшқышсыз аппараттар қолжетімсіз жерлерді шолу үшін пайдаланылады.
Барлық тартылған қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында көптеген жағдайда жоғалғандар арыз түскеннен кейінгі алғашқы сағаттарда-ақ табылады. Бұл әсіресе балаларды іздеу кезінде шешуші маңызға ие, өйткені бұл ретте жедел әрекет етудің рөлі маңызды.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жақындарыңыз хабар-ошарсыз жоғалған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет екенін ескертеді. Уақтылы жасалған хабар азаматтың аман-есен табылу мүмкіндігін арттырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі