Футболда – тәртіп, интернетте – қауіпсіздік

Футболда – тәртіп, интернетте – қауіпсіздік

Футболда – тәртіп, интернетте – қауіпсіздік

6 қыркүйек күні облыс орталығындағы «Восток» стадионында Қазақстан Республикасы чемпионаты аясында «Алтай» мен «Қайсар» командалары арасында футбол матчы өтті.

Тартысты кездесуді тамашалауға келген жанкүйерлер өз командаларына қолдау білдіріп жатқанда, полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Бұл күні стадиондағы қауіпсіздікпен қатар, азаматтардың цифрлық кеңістіктегі қорғалуына да ерекше көңіл бөлінді. ШҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жанкүйерлер арасында профилактикалық іс-шара өткізді.

Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері туралы айтып, жеке деректер мен қаражатты қорғау жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, пайдалы кеңестер қамтылған 400 ақпараттық буклет таратылды.

Қауіпсіздік – тек стадионда ғана емес, интернет кеңістігінде де маңызды.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі