Анықтау қызметіне 35 жыл: Заңдылық пен әділдіктің берік тұғыры

Анықтау қызметіне 35 жыл: Заңдылық пен әділдіктің берік тұғыры

Анықтау қызметіне 35 жыл: Заңдылық пен әділдіктің берік тұғыры

6 қыркүйек – Қазақстан ішкі істер органдарының анықтау қызметі кәсіби мерекесін атап өтуде. Биыл бұл дербес құрылымның құрылғанына 35 жыл толып отыр.

Оның тарихы 1991 жылдың қыркүйегінде Қазақстан ІІМ жүйесінде штаттық анықтау бөлінісі құрылған сәттен бастау алады.
Бұл қызметтің тарихында Шығыс Қазақстанның алатын орны ерекше. Өңірде өз кәсіби дәстүрлері қалыптасып, көптеген буын қызметкерлердің мол тәжірибесі бүгінгі бөліністердің тиімді жұмыс істеуіне берік негіз болды.

Кәсіби мереке қарсаңында ШҚО Полиция департаментінде осынау атаулы датаға арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты жиында қызметте ерекше көзге түскен үздік қызметкерлерге алғысхаттар табысталып, ардагерлерге шынайы алғыс пен құрмет көрсетілді.

Жеке құрамды мерекемен құттықтаған ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қазбек Тақжанов:

«35 жыл ішінде анықтау қызметі үлкен кәсіби жолдан өтті. Міндеттер мен технологиялар өзгеруде, алайда заңдылық, объективтілік пен жауапкершілік әрқашан басты қағидат болып қала береді. Ардагерлердің тәжірибесі мен қазіргі қызметкерлердің кәсібилігі алдағы уақытта да бұл саланың дамуына мықты тірек болатынына сенімдімін», — деп атап өтті.

ШҚО Полиция департаменті анықтау қызметінің қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасылық амандық, қызметте толағай табыстар мен жаңа белестер тілейді!

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі