
Қараусыз қалған мүлік – қорғаусыз: ШҚО-да велосипед ұрлығының 42 дерегі ашылды
Иелерінің немқұрайлылығы жиі велосипед ұрлығына себеп болады. Жыл басынан бері ШҚО-да осындай 48 дерек тіркеліп, 42 қылмыс ашылды, ұрланған мүлік иелеріне қайтарылды.
Азаматтар велосипедтерін аулаларда, кіреберістерде, дүкендердің жанында және басқа да көпшілік орындарда қараусыз қалдырып жатады, ал бұл қаскөйлердің оңтайлы сәтті пайдалануына жол ашады.
Осындай жағдайлардың бірі Өскемен қаласында орын алған. Жергілікті тұрғын бір ай бойы велосипедін үйдің ауласында қалдырып келген. Күндердің бір күнінде ол жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген. Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ұрланған велосипед табылып, иесіне қайтарылды.
Полиция велосипедтерді тіпті қысқа уақытқа да қараусыз қалдырмауға, сенімді ұрлыққа қарсы құрылғыларды пайдалануға және мүмкіндігінше оларды жабық үй-жайда сақтауға кеңес береді.
Велосипедтерді кіреберіс алаңшаларында, тамбурларда және эвакуациялау жолдарында сақтауға болмайды. Өрт шыққан жағдайда олар тұрғындардың қауіпсіз шығуына және шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
ШҚО Полиция департаменті иелерін өз мүліктерінің сақталуын алдын ала қамтамасыз етуге, велосипедтерді сенімді түрде бекітуге және оларды сақтау үшін қауіпсіз орындарды таңдауға шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі