ЖҚАЖ — чемпион: ШҚО ПД футболдан ең мықты команданы анықтады

ЖҚАЖ — чемпион: ШҚО ПД футболдан ең мықты команданы анықтады

ЖҚАЖ — чемпион: ШҚО ПД футболдан ең мықты команданы анықтады

«Восток» стадионында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің футбол чемпионаты өтті. Ведомствоның әртүрлі қызметтері мен аудандық бөлімшелерінен келген 16 команда чемпион атағы үшін бақ сынасты.

Жарыстың ұйымдастырушылары — ШҚО ПД Арнайы және кәсіби даярлық басқармасы, ҚР ІІМ «Арлан» спорт клубының қолдауымен және ШҚО Дене шынықтыру және спорт өңірлік басқармасының үйлестіруімен өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков турнирдің ашылу салтанатында командалардың жоғары деңгейдегі дайындығын, сондай-ақ спорт пен ұжымдық бірліктің маңыздылығын атап өтті.

Барлық матчтар тартысты әрі қатал бәсеке жағдайында өтті. Әрбір команда жеңіске деген жігерін, командалық рухы мен тамаша физикалық дайындығын паш етті.

Турнирдің шарықтау шегі — ШҚО ПД ЖҚАЖ және Шемонайха аудандық полиция бөлімінің командалары арасындағы финалдық кездесу болды.

Тартысты ойында 2:0 есебімен басым түскен ЖҚАЖ командасы турнир чемпионы атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

  • 1-орын — ШҚО ПД ЖҚАЖ командасы;
  • 2-орын — Шемонайха аудандық полиция бөлімінің командасы;
  • 3-орын — Үлбі полиция бөлімінің командасы.

Турнирдің үздік ойыншылары арнайы номинациялармен марапатталды:

  • Үздік шабуылшы — Тукеев Мади Қайратұлы;
  • Үздік қорғаушы — Айткали Мирхат;
  • Үздік қақпашы — Солтанғазы Асылбек Талғатұлы;
  • Турнирдің үздік ойыншысы — Ерлибеков Тілек Фархадұлы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, дипломдар және естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ бұл чемпионат Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің құрама командасына спортшыларды іріктеу кезеңіне айналды.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі