Іздеуге небәрі 8 минут кетті: Өскеменде полицейлер адасып кеткен баланы ата-анасына қайтарған

Іздеуге небәрі 8 минут кетті: Өскеменде полицейлер адасып кеткен баланы ата-анасына қайтарған

Іздеуге небәрі 8 минут кетті: Өскеменде полицейлер адасып кеткен баланы ата-анасына қайтарған

Сағат 13:00-де «102» пультіне 9 жасар баланың жоғалғаны туралы хабар түссе, арада небәрі 8 минут өткен соң, яғни сағат 13:08-де патрульдік полиция экипажы баланы көшеден тапты.

Денсаулық ерекшелігіне байланысты бала үйінің қайда екенін түсіндіре алмаған.
Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының «Қыран-23» экипажы — полиция капитандары Бауыржан Мухаметқанов пен Ұлан Черияздан қалада қызмет атқару кезінде сағат 13:08 шамасында автожанармай құю станциясының маңынан жалғыз жүрген баланы байқаған.

Тәртіп сақшылары дереу балаға жақындағанымен, ол тіл қатпайтындықтан қайдан келгенін түсіндіре алмаған. Дәл осы сәтте рация арқылы бағдар берілген: анасы сағат 13:00-де «102» пультіне ұлының жоғалғанын хабарлаған болатын.

Белгілерді салыстырған тәртіп сақшылары іздеуде жүрген баланың дәл осы екенін бірден түсініп, анасымен дереу байланысқа шыққан.

Белгілі болғандай, бала үйдің жанындағы стадионда ойнап жүріп, байқаусызда ұзап кеткен. Ұлының жоғалғанын сезген әйел бірден полицияға хабарласып, патрульдік полицейлердің жедел әрекетінің арқасында жағдай сәтті аяқталды.

Полиция департаменті ата-аналарға баланы қараусыз қалдырмай, оның қауіпсіздігіне баса назар аудару керектігі туралы ескертеді. Егер бала жоғалып кетсе, уақыт жоғалтпай, дереу «102» нөміріне хабарласыңыз!

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі