«Құқықтық тәртіп»: алғашқы күнде 400-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

«Құқықтық тәртіп»: алғашқы күнде 400-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

«Құқықтық тәртіп»: алғашқы күнде 400-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Іс-шараның алғашқы күнінде өңір полицейлері 392 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті.

Анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына қатысты — 86 жағдай. Ал алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша 79, тіркеусіз не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұруға байланысты 74 жағдай тіркелді.

Жол қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылды. Бір тәулік ішінде жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 53 жағдайы, көлікті мас күйінде басқарудың — 4, қарсы бағытқа шығудың — 3, сондай-ақ көлік басқару құқығынан айырылған тұлғалардың көлік басқаруының 3 жағдайы анықталды.

24 азамат уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына орналастырылды.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы 21 тамызға дейін жалғасады. Полицейлер құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі