
ШҚО-да полицейлер 150 мың теңгеден астам мүлік ұрлаған күдіктіні ұстады
Өскемен қаласының полиция қызметкерлері қаланың сауда орталықтарының бірінде орналасқан дүкеннен мүлік ұрлады деген күдікке ілінген ер адамның жеке басын анықтаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны ұсталды.
Полицияға дүкеннен үш құлаққаптың ұрланғаны туралы хабарлама түскен. Алдын ала мәліметтер бойынша, белгісіз адам мүлікті жасырын түрде ұрлап, дүкен иесіне 157 495 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Тергеу барысында күдіктінің дүкенге екі рет кіргені анықталды. Алғашқы келген кезде ол мүліктің бір бөлігін ұрлап, кейін оны кездейсоқ өтіп бара жатқан адамға 10 мың теңгеге сатып жіберген. Бірнеше сағаттан соң ер адам дүкенге қайта келіп, қалған мүлікті де ұрлап, оны дәл сондай сомаға сатқан.
Аталған факті бойынша ұрлық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Құқыққа қайшы әрекеттерге куә болған жағдайда, полицияға дереу хабарласу қажет.
ШҚО ПД баспасөз қызметі