Қауіпсіздік тәртіптен басталады: ШҚО-да «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ басталды

Қауіпсіздік тәртіптен басталады: ШҚО-да «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ басталды

Қауіпсіздік тәртіптен басталады: ШҚО-да «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ басталды

18-21 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осы күндері полиция қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындардағы жұмысты күшейтіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және елді мекендердегі тыныштық пен тәртіпті сақтауға баса назар аударуда.

Патрульдік полиция нарядтары көшелерде, саяжай алқаптарында және адамдар көп жиналатын басқа да орындарда жиі қызмет атқарады. Учаскелік инспекторлар профилактикалық есепте тұрған азаматтарды тексеріп, өздеріне бекітілген әкімшілік учаскелерде тұрғындармен профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері шетел азаматтарының Қазақстан аумағында болу талаптарын сақтауын тексеріп, тыйым салынған заттарды сақтау және тасымалдау фактілерін анықтауға да көңіл бөлуде.

Басты міндет — құқық бұзушылықтың алдын алып, оның орын алуына жол бермеу. Бұл ретте заңды бұзған кез келген адам, оның қаншалықты ауыр екеніне қарамастан, жауапкершілікке тартылатынын түсіну маңызды.

ШҚО полициясы тұрғындар мен өңір қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтап, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға шақырады. Егер сіз құқық бұзушылыққа куә болсаңыз немесе адамдарға қауіп төндіруі мүмкін жағдайды байқасаңыз, полицияға «102» нөмірі арқылы дереу хабарласыңыз.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі