«Абайды оқы – таңырқа!»: полиция қызметкерлері әдеби кездесуге қатысты

«Абайды оқы – таңырқа!»: полиция қызметкерлері әдеби кездесуге қатысты

«Абайды оқы – таңырқа!»: полиция қызметкерлері әдеби кездесуге қатысты

А.С. Пушкин атындағы кітапханада ұлы қазақ ақыны, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасына арналған «Абайды оқы – таңырқа!» атты әдеби кездесу өтті.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті мен Өскемен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қатысты. Қатысушылар ақынның өлеңдері мен «Қара сөздерінен» үзінділер оқып, Абай шығармаларындағы білім, еңбек, адалдық, адамгершілік және жауапкершілік тақырыптары төңірегінде ой бөлісті.

Кездесу барысында Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасына да ерекше мән берілді. Оның негізінде білімге ұмтылу, адал еңбек ету, өзін-өзі жетілдіру және адамдық қасиеттерді биік ұстау идеялары жатыр.

Әдеби шара аясында өткен байқауда полиция қызметкерлері жүлделі орындарға ие болып, Абай шығармашылығын терең меңгергендерін көрсетті.

Мұндай мәдени-рухани кездесулер қызметкерлердің ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, рухани дүниесін байытуға ықпал етеді. Абайдың тағылымды мұрасы бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай, білімге, еңбекке, адалдық пен жауапкершілікке үндеп келеді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі