ШҚО полицейлері кезекті борышкерді анықтады

ШҚО полицейлері кезекті борышкерді анықтады

ШҚО полицейлері кезекті борышкерді анықтады

Өскемен қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысының борышкерді іздестіру туралы қаулысы келіп түсті. Белгілі болғандай, 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап азаматша қала тұрғыны алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтарып келген, қарыз сомасы 1 миллион теңгеден асқан.

Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері 31 жастағы борышкер әйелдің орналасқан жерін анықтады. Ол Шымкент қаласынан табылды. Оның орналасқан жері туралы ақпарат қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау үшін сот орындаушысына жолданды.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері іздеуде жүрген 65-тен астам борышкердің орналасқан жерін анықтады.

ШҚО ПД көші-қон қызметі атқарушылық құжаттардың талаптарын орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті, сондай-ақ азаматтарды өз міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырды.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі