Тарбағатай ауданында полицейлер марихуана тәркіледі

Тарбағатай ауданында полицейлер марихуана тәркіледі

Тарбағатай ауданында полицейлер марихуана тәркіледі

Тарбағатай ауданының полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындардың бірінің тұрғылықты жерінде тыйым салынған заттарды сақтауы мүмкін екендігі туралы жедел ақпарат алған.

Көрсетілген мекенжай бойынша Тұғыл ауылында тексеру жүргізу барысында полицейлер тінту жұмыстарын ұйымдастырған. Шаруашылық құрылыстарынан жасыл түсті заттың қалдықтары бар металл ыдыстар, ерекше иісі бар заттар, сондай-ақ кептірілген өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты. Оның жалпы салмағы 279,60 грамды құрады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, барлық мән-жайлар анықталуда.

Шығыс Қазақстан облысы ПД есірткі құралдарын заңсыз сақтау және айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Есірткі қылмыстарын анықтау және жою жұмыстары тұрақты негізде жалғасуда.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі