
Өскеменде «Jas Champion» жағажай волейболынан турнир өтті
Өскемен қаласындағы Комсомол аралында «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Jas Champion» жағажай волейболынан турнир ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дәріптеу және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу.
Турнирге алты жастар командасы қатысты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін көрсетіп, тартысты әрі қызықты ойын көрсетті.
Жарыс барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қатысушылармен профилактикалық кездесу өткізіп, есірткінің зияны, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы және заңнамада көзделген жауапкершілік туралы түсіндірді.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің атынан кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Осындай іс-шаралар жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіге қарсы берік көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі