Зайсан ауданында заңсыз аң аулау фактісі анықталды

Зайсан ауданында заңсыз аң аулау фактісі анықталды

Зайсан ауданында заңсыз аң аулау фактісі анықталды

Омбы – Майқапшағай автожолында өткізілген рейд кезінде полиция қызметкерлері Audi маркалы автокөлікті тоқтаттқан. Көлікті тексеру барысында «Сайга-410» және «Hatsan» тегіс ұңғылы мылтықтары, оқ-дәрілер, сондай-ақ жүксалғыштан атылған жабайы қабан табылды.

Тексеріс барысында өңірдің 37 жастағы тұрғыны екі танысымен бірге Зайсан ауданының аңшылық алқаптарына шыққаны анықталған. Ер адамның тек қасқыр атуға рұқсаты болған. Алайда аң аулау кезінде ол жабайы қабанды кездестіріп, өз атына тіркелген аңшылық қарудан оқ атқан. Содан кейін атылған жабайы қабанның өзін көлікке салып алған.

Тергеу әрекеттері барысында аңшылық қару, оқ-дәрілер, аңшылық билеті, рұқсат құжаттары, жолдама және тергеу үшін маңызы бар басқа да заттар тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, барлық мән-жайлар анықталуда.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті аң аулау тек заңнама талаптары мен берілген рұқсаттың шарттарын қатаң сақтаған жағдайда ғана рұқсат етілетінін еске салады. Жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз алу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі