Шетелдік қонақтарға жол сілтер цифрлық көмекші: ШҚО-да туристік қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі

Шетелдік қонақтарға жол сілтер цифрлық көмекші: ШҚО-да туристік қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі

Шетелдік қонақтарға жол сілтер цифрлық көмекші: ШҚО-да туристік қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі

Шығыс Қазақстан саяхатшылар үшін барынша тартымды өңірге айналып келеді. Жыл басынан бері бұл аймаққа шамамен 7 мың шетелдік азамат келді.

Өлкемен танысу тек қызықты ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз болуы үшін өңірде заманауи цифрлық сервистер белсенді түрде енгізіліп, осында болудың қарапайым ережелері түсіндірілуде.

Шығыс Қазақстан облысы ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері бүгінгі таңда 85 мемлекеттің азаматтары Қазақстанға 30 күнге дейінгі мерзімге визасыз кіре алатынын атап өтеді.

Туристердің көпшілігі үшін қосымша тіркеу рәсімдері талап етілмейді. Ерекшелік ретінде ұзақ мерзімді болу жағдайлары қарастырылған: егер шетелдік азамат елде белгіленген мерзімнен артық болуды жоспарласа (ЕАЭО елдерінің азаматтары үшін — 90 күннен, қалғандары үшін — 30 тәуліктен астам), қабылдаушы тарап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, визалық-көші-қон порталы арқылы қажетті құжаттарды рәсімдеуге міндетті.

Өңірде шетелдік қонақтардың қолайлылығына ерекше назар аударылады. Көші-қон қызметінің қызметкерлері келген сәттен бастап-ақ туристерге QR-коды бар арнайы ақпараттық карталарды табыстайды. Смартфон камерасын бағыттау жеткілікті — сонда саяхатшы қауіпсіз және жайлы болу үшін қажетті барлық ақпарат жинақталған ресми SAFETRAVEL.KZ порталына қол жеткізеді.

Порталда жеке қауіпсіздік жөніндегі ұсыныстармен танысуға, «102» мобильді қосымшасы арқылы полициямен жедел байланыс орнату жолдарын білуге, сондай-ақ мобильді байланыс, SIM-карталарды сатып алу, такси қызметтері және басқа да пайдалы сервистер туралы ақпарат алуға болады. Шетелдік қонақтардың ыңғайлылығы үшін ресурс төрт тілде — қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде жұмыс істейді.

Заманауи цифрлық шешімдер мен түсінікті көші-қон сервистері Шығыс Қазақстанды әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер үшін ашық, қауіпсіз және жайлы өңір етуге, ал саяхатты келген сәттен бастап мейлінше қолайлы етуге көмектеседі.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі