
ШҚО полициясы ойын-сауық орындарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейтуде
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде ойын-сауық орындарындағы қауіпсіздік деңгейін бағалау және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Күн сайын ойын-сауық орындарының аумағында немесе ішінде болған оқиғаларға қатысты тіркелген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар, сондай-ақ Жедел басқару орталығының «102» арнасына келіп түскен хабарламалар зерделенеді. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың орын алуына ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жасалады.
Талдау қорытындысы бойынша әрбір нысанның қауіпсіздік деңгейі бағаланады. Алынған мәліметтер патрульдік бағыттарды қайта қарау, күштер мен құралдарды тиімді орналастыру, қосымша профилактикалық іс-шараларды жоспарлау және ойын-сауық орындарының әкімшілігімен өзара іс-қимылды күшейту кезінде пайдаланылады.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «102» арнасына ең көп хабарлама келіп түскен ойын-сауық орындары:
Жалпы Өскемен қаласындағы 88 ойын-сауық орнына талдау жүргізілді.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті хабарламалар саны ойын-сауық орны әкімшілігінің кінәсін немесе құқық бұзушылық фактілерінің расталғанын білдірмейтінін ескертеді. Жүргізілетін талдау профилактикалық жұмыстың бір бөлігі болып табылады және полицияның ерекше назарын қажет ететін нысандарды дер кезінде анықтауға, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылдауға әрі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі