Жол үстіндегі көмек: ШҚО полицейлері науқасты ақ халаттыларға жедел жеткізді

Жол үстіндегі көмек: ШҚО полицейлері науқасты ақ халаттыларға жедел жеткізді

Жол үстіндегі көмек: ШҚО полицейлері науқасты ақ халаттыларға жедел жеткізді 

Жол қауіпсіздігі — бұл тек ережелерді сақтау ғана емес, сонымен қатар көмекке мұқтаж жандарға уақытылы қол ұшын созу.

Өскемен — Самар автожолының 65-ші шақырымын патрульдеу кезінде ШҚО ПД ППБ қызмет аға инспекторы полиция капитаны А. Костубаев пен қызмет инспекторы полиция капитаны А. Оралбековтің экипажына көмек сұрап бір азамат жүгінген.

Қобалжыған жүргізуші жолда туысының жағдайы күрт нашарлап, оның ауыр халде екенін түсіндірген.
Уақыт жоғалтпастан, жол сақшылары көлікті Өскемен қаласы бағытына дереу сүйемелдеу туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар, қызметкерлер өздеріне қарсы жедел жәрдем бригадасын қатар шақыртқан.

Экипаждың үйлесімді әрекеттерінің арқасында Самсоновка ауылы маңында жедел жәрдем көлігімен сәтті жолығып, науқасты дәрігерлерге табыстады.

Бүгін Департаменттің мекенжайына осы оқиғаға қатысушылардан бейнеүндеу келіп түсті. Азаматтар полицейлердің жанашырлығына, жоғары кәсібилігіне және уақытылы көрсеткен көмегі үшін шынайы алғыстарын білдірді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі