Шығыс Қазақстанда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда: полиция алғашқы нәтижелерді шығарды

Шығыс Қазақстанда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда: полиция алғашқы нәтижелерді  шығарды

Шығыс Қазақстанда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда:

полиция алғашқы нәтижелерді шығарды

Шығыс Қазақстан облысында жол тәртібін қамтамасыз етуге және апаттылықтың алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеуде, олар азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін өрескел заң бұзушылықтардың жолын кесуге баса назар аударуда.

Екі күн ішінде полиция қызметкерлері бірқатар елеулі құқық бұзушылықтарды анықтады. 8 жүргізушінің масаң күйде көлік тізгіндеуі ерекше алаңдаушылық тудырады. Сонымен қатар, көлік құралын жүргізу құқығы жоқ 10 адамның көлік басқаруы және бұрын жүргізу құқығынан айырылған адамның рөлге отыруының 1 дерегі анықталды. Сондай-ақ, қарсы бағытқа шығып кетуге байланысты 5 қауіпті маневр тіркелді.

Анықталған бұзушылықтардың едәуір бөлігі көліктердің техникалық жай-күйіне қатысты. Екі күн ішінде инспекторлар техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін көліктерді пайдаланудың 45 фактісін, міндетті техникалық байқаудан өтпеген көліктерді басқарудың 27 жағдайын және көлікті заңсыз қайта жабдықтаудың 9 фактісінің жолын кесті.

Бірқатар жүргізушілер тіркеу ережелерінен жалтаруға тырысқан: мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ көліктерді басқарудың 14 фактісі тіркелді. Қабылданған шаралар барысында 12 көлік мамандандырылған тұраққа қойылды, ал 16 автокөліктен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды.

Полиция департаменті облыс жолдарындағы профилактикалық іс-шаралар 16 шілдеге дейін жалғасатынын еске салады. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді тәртіпке және жауапкершілікке шақырады, сондай-ақ Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау — әрбір жол қозғалысына қатысушының қауіпсіздігінің басты кепілі екенін ескертеді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі