
Шығыс Қазақстанда «Жаңа Жол» акциясы басталды
13–30 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысында «Жаңа Жол» профилактикалық акциясы басталды. Оның басты мақсаты — қайталама қылмыстардың деңгейін төмендету ғана емес, сонымен қатар полицияның профилактикалық есебінде тұрған азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету.
Қайталама қылмыстардың алдын алу — бұл тек құқық қорғау органдарының емес, әлеуметтік қызметтердің де бірлескен кешенді жұмысын талап етеді. Акция аясында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Оның міндеті — бұрын қателескен азаматтардың қайтадан құқық бұзушылыққа баруына себеп болатын факторларды жоюға көмектесу.
Мамандар келесі бағыттар бойынша нақты көмек көрсетеді:
«Жаңа Жол» — өмірін өзгерткісі келетін және мемлекет тарапынан кәсіби қолдау алуға дайын азаматтар үшін үлкен мүмкіндік. Мұндай кешенді тәсіл құқықтық тәртіпті бақылауға ғана емес, қиын өмірлік жағдайға тап болған жандарға нақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі