«Поиграть» в телефоне обернулся кредитом — в ВКО раскрыт факт мошенничества

«Поиграть» в телефоне обернулся кредитом — в ВКО раскрыт факт мошенничества

Телефонда «ойнау» несиеге айналды — ШҚО-да алаяқтық фактісі ашылды

Алтай қаласы полиция бөлімінің кезекші бөліміне алаяқтық схемасының құрбаны болған жергілікті тұрғын жүгінген.
«Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер қылмысқа жәбірленушінің сенімін пайдаланған танысының қатысы бар екенін анықтаған.

Белгілі болғандай, танысы жәбірленушінің ұялы телефонын уақытша пайдалану сылтауымен алып, банк қосымшасына кіріп, иесінің атына тауарлық несие рәсімдеген.

Қарызға алынған қаражатқа ол құны 400 000 теңгеге жуық ойын консолін сатып алып, жеткізу мекенжайын өзі тұратын жерге көрсеткен.

Заңсыз рәсімделген несие туралы жәбірленуші банктегі берешек туралы хабарламадан кейін ғана біліп, полицияға жүгінген.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті азаматтарды қырағылық танытуға және үшінші тұлғалардың, тіпті таныстар немесе әріптестер болса да, өтініші бойынша өз атына несие рәсімдемеуге шақырады. Мұндай әрекеттер елеулі қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін.

 

Пресс-служба ДП ВКО