ШҚО-да электр самокаттарын пайдалануға қатысты жаңа заңнамалық талаптар түсіндірілді

ШҚО-да электр самокаттарын пайдалануға қатысты жаңа заңнамалық талаптар түсіндірілді

ШҚО-да электр самокаттарын пайдалануға қатысты жаңа заңнамалық талаптар түсіндірілді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электр самокаттарының қатысуымен жол қозғалысы ережелерін реттейтін маңызды заңнамалық түзетулер күшіне енді. Осыған байланысты, бүгін ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бизнес өкілдері мен қолданушыларға қойылатын жаңа талаптарды түсіндіру мақсатында ПД Әкімшілік полиция басқармасы басшылығының қатысуымен брифинг өтті.

Кездесу барысында электр самокаттарын жалға берумен айналысатын заңды тұлғалардың міндеттері егжей-тегжейлі талқыланды. Енді операторлар техниканы міндетті түрде тіркеуден өткізуге, иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға және цифрлық жүйелер арқылы қолданушыларды қатаң сәйкестендіруді қамтамасыз етуге міндетті.

«2026 жылғы 1 шілдеден бастап жеке мобильділік құралдарын пайдалану тәсілдері түбегейлі өзгерді. Электр самокаты толыққанды көлік құралы санатына көшті. Ендігі басты міндетіміз – жаңа заңнамалық нормаларды қатаң сақтау арқылы жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деп атап өтті ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Игорь Клишин.

Полиция электр самокаты жүргізушілерінің ҚР ӘҚБтК 615-бабына сәйкес толық әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Сондай-ақ, бірқатар қатаң тыйымдар белгіленді, оның ішінде 2026 жылғы 25 тамыздан бастап жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруге толықтай тыйым салынады. Өңірде жол жүрісі қағидаларының сақталуын бақылау жұмыстары жүйелі түрде жалғасатын болады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі