Таза өңір – ортақ жауапкершілік: ШҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

Таза өңір – ортақ жауапкершілік: ШҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

Таза өңір – ортақ жауапкершілік: ШҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

Шығыс Қазақстан облысында елді мекендердің тазалығын сақтау, рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда.

2026 жылдың басынан бері облыс аумағында 5 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 4 332 дерек Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзуға, ал 832 дерек 434-2-бабы бойынша ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға қатысты.

Рұқсатсыз қоқыс үйінділерін анықтау және жою жұмыстарына ерекше назар аударылуда. Жыл басынан бері 120-дан астам заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, олардың 87-сі жойылды.

Профилактикалық жұмыстарда бейнебақылау камералары да тиімді қолданылуда. Олардың көмегімен жыл басынан бері 2 015 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 1 878 дерек абаттандыру қағидаларын бұзуға, ал 137 дерек ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға байланысты.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті тұрғындарды абаттандыру қағидаларын сақтауға, қоқысты арнайы белгіленбеген орындарға тастамауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады. Өңірдің тазалығы – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі