
№75 патрульдік экипажы: дер кезінде көрсетілген көмек
Әрбір игі іс арнайы мақтауды қажет етпейді, ол — қарапайым адамгершілік көмек. Осыны іс жүзінде дәлелдеген Өскемен қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының №75 борттағы экипажы — полиция капитаны Алмат Сыдық пен полиция лейтенанты Влад Воронин патрульдеу кезінде дөңгелегі жарылып, жол жиегінде тоқтап қалған автокөлікті байқаған. Полиция қызметкерлері бірден көмекке келіп, жүргізушіге дөңгелекті ауыстырып беруге көмектескен, нәтижесінде әйел адам өз сапарын әрі қарай қауіпсіз жалғастырған.
Бұл сәтті қала тұрғыны кездейсоқ видеоға түсіріп алған. Дегенмен, бұл оқиғадағы басты нәрсе — видео емес, полиция қызметкерлерінің қиын жағдайға тап болған азаматқа қол ұшын созуға дайындығы.
Полиция қызметі — бұл тек құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге азаматтардың қауіпсіздігіне күнделікті қамқорлық жасау, адамдарға көңіл бөлу және қажетті сәтте қолдау көрсету.
ШҚО ПД баспасөз қызметі