ШҚО Полиция департаменті балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздікті бақылауға алды

ШҚО Полиция департаменті балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздікті бақылауға алды

ШҚО Полиция департаменті балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздікті бақылауға алды

Жазғы маусымда кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — Шығыс Қазақстан облысы полициясының негізгі міндеттерінің бірі. Осы орайда, Полиция департаментінің қызметкерлері өңірдегі балалар сауықтыру орталықтарында профилактикалық жұмыстарды күшейтті.

Қазіргі уақытта облыс аумағында 11 лагерь жұмыс істейді. Олардың қауіпсіздігін бақылауға 33 полиция қызметкері мен аумақтық бөлімшелердің 11 басшысы бекітілген. Тәртіп сақшылары жазғы маусым бойы тұрақты түрде профилактикалық тексерулер өткізіп, қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайды.

Лагерьге барған кезде полиция қызметкерлері балаларға жеке қауіпсіздік ережелері, қоғамдық орындардағы мінез-құлық нормалары және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Кездесулердің мақсаты — балаларға қауіпсіздік мәселелерін қолжетімді тілде жеткізу және қажетті дағдыларды қалыптастыру. Сонымен қатар, лагерь әкімшілігімен, тәрбиешілермен және тәлңмгерлерімен жұмыс кездесулері өткізіліп, демалыс орындарындағы қауіпсіздік шаралары талқыланады.

Бұған қоса, нысандардағы бейнебақылау жүйелерінің техникалық жай-күйі, өткізу режимінің сақталуы және қауіпсіздік талаптарының орындалуына қатысты тексерулер ұйымдастырылды.

ШҚО Полиция департаменті балалардың қауіпсіздігі — ересектердің ортақ жауапкершілігі екенін еске салады. «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық іс-шаралар жазғы маусым бойы жалғаса береді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі