Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі: ШҚО-да «Түнгі қаладағы балалар» рейдінің қорытындысы шығарылды

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі: ШҚО-да «Түнгі қаладағы балалар» рейдінің қорытындысы шығарылды

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі: ШҚО-да «Түнгі қаладағы балалар» рейдінің қорытындысы шығарылды

18-20 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Үш күнге созылған рейдтердің негізгі мақсаты – бақылауды күшейту ғана емес, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды кешкі және түнгі уақытта құқықбұзушылықтардан қорғау.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлерімен 95 кәмелетке толмаған жасөспірім назарда болды. Тексеру нәтижесінде 55 жасөспірім әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін, тағы 40-ы қараусыз қалғаны үшін анықталды. Жалпы шара кезінде 175 әкімшілік құқықбұзушылық фактісі тіркелді. Ең көп кездескен құқықбұзушылық – кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта тұрғын үйлерінен тыс жерде болуы. Осындай 131 жағдай анықталды.

Рейдтік іс-шаралармен қатар инспекторлар профилактикалық жұмыстарға да ерекше көңіл бөлді. Барлығы 71 іс-шара ұйымдастырылып, оның ішінде дәрістер, түсіндіру кездесулері мен брифингтер өткізілді.

Мұндай кешенді тәсіл құқықбұзушылықтарды анықтап қана қоймай, мемлекеттік қолдауды қажет ететін отбасыларды дер кезінде айқындауға мүмкіндік береді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі