Әуе патрулі: дрондар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесуде

Әуе патрулі: дрондар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесуде

Әуе патрулі: дрондар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесуде

Шығыс Қазақстан облысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи технологияларды белсенді қолдануда. Полицейлер жолдың ең қауіпті учаскелерінде ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен бақылау жүргізуде.

Дрондар жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды әуеден анықтауға, қауіпті маневрлерді, қарсы жолаққа шығуды, басып озу ережелерін бұзуды және жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін басқа да әрекеттерді тіркеуге мүмкіндік береді.

Бұл технологияның тиімділігі сандармен расталады: жыл басынан бері ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен 30 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды. Олардың арасында ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша жол жүру ережелерімен тыйым салынған жағдайларда, оның ішінде бұрылумен немесе кері бұрылумен байланысты қарсы бағыттағы жол бөлігіне шығу бұзушылықтар ерекше орын алады.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану жол жағдайын қадағалау тиімділігін айтарлықтай арттырады, себебі бұл трассалардың үлкен аумағын қамтуға және бұзушылықтарға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты — жүргізушілерді жазалау емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау.

Шығыс Қазақстан облысының полициясы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, рульде мұқият болуға және жол қауіпсіздігі әрқайсымыздың жауапкершілігімізден басталатынын есте сақтауға шақырады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі