«Сенің күнің, Донор!» атты Қайырымдылық донорлық Акциясы

«Сенің күнің, Донор!» атты Қайырымдылық донорлық Акциясы

Сіздің күніңіз, Донор!

Бүгін, 2020 жылдың 17 қарашасында ШҚО полиция департаментінің қызметкерлері «Сенің күнің, Донор!» атты ұранмен Қайырымдылық донорлық Акция өткізді. Бұл күні құқық қорғау органдарының 90-нан астам қызметкері қан компоненттерінің қорын толықтыру үшін облыстық қан орталығына келіп, медициналық тексеруге байланысты 62 полиция қызметкерлері қан тапсыруға өтіп, қан орталығының қан жəне оның компоненттерін 30 литрға толтырды.
«Мейірімділік – бұл адамдарға ештеңе сұрамай, ризашылық білдірмей, жанашыр болған кезінде, бейжай болмай, сүйіспеншіл, жомарт және жанқиярлық болған кезінде көмектесу. Сіздің мейірімділігіңіз басқа адамдарды күлдіреді және сізді бақытты етеді. Мейірімділік – адамның ең жақсы қасиеттерінің бірі. Бүгін біз осындай құрметке ие болғанымызға өте қуаныштымыз және біз қан тапсырдық. Біздің қанымыз науқастарға көмектеседі деп үміттенеміз. Барлық науқастарға тезірек сауығуды тілейміз!» - деп полицейлер атап өтті.
ШҚО-дағы донорлықты қолдағаны үшін полиция полковнигі, полиция департаментінің бастығы Сағат Кентайұлы Мәдиевке зор алғысымызды білдіреміз.
Құрметті полицейлер, сіздердің жұмыстарыңыз қауіпті, қиын, бірақ әрқайсымыз үшін өте маңызды. Шын жүректен денсаулық, сәттілік, амандық, шыдамдылық, қуат тілейміз. Сіздің жұмысыңыз бағалансын, мансап қалыптассын, ал үйлеріңізде әрқашан да күтеді және сүйеді!