Құжатсыз өткен 33 жыл: Риддер полицейлері тұрғынға құқықтық мәртебесін қалпына келтіруге көмектесті

Құжатсыз өткен 33 жыл: Риддер полицейлері тұрғынға құқықтық мәртебесін қалпына келтіруге көмектесті

Құжатсыз өткен 33 жыл: Риддер полицейлері тұрғынға құқықтық мәртебесін қалпына келтіруге көмектесті

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментіне Риддер қаласының тұрғынынан алғыс хат келіп түскен. Бұл оқиға көші-қон қызметі қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен азаматтарға көрсетілетін қолдаудың нақты көрінісі болды.

Риддер қаласының тұрғыны 33 жыл бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген. Соның салдарынан мемлекеттік қызметтерді алу және күнделікті өмірдегі көптеген мәселелерді шешу мүмкіндігі шектеліп келген.

Азаматшаның өтінішінен кейін көші-қон қызметінің инспекторлары жағдайды жан-жақты зерделеп, қажетті құжаттарды жинауға көмектескен. Сондай-ақ жеке куәлікті рәсімдеудің барлық кезеңінде құқықтық қолдау көрсетті.

Көптен күткен құжатын қолына алған тұрғын өз алғысын білдіріп:

«Бұл мәселені шешемін деген үмітім де азайған еді. 33 жыл бойы құжатсыз өмір сүрдім. Ал қазір жаңа өмір басталғандай сезінемін. Көрсеткен көмектері, қолдауы мен жанашырлығы үшін полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғысымды білдіремін», – деді.

ШҚО Полиция департаменті халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары тұрақты негізде жалғасып жатқанын хабарлайды. Жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеу немесе қалпына келтіру мәселелері туындаған жағдайда азаматтар аумақтық көші-қон қызметі бөлімшелеріне жүгіне алады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі