Жаңа шешімдер мен ішкі ресурс: ШҚО ПД қызметкерлеріне арналған тренинг

Жаңа шешімдер мен ішкі ресурс: ШҚО ПД қызметкерлеріне арналған тренинг

Жаңа шешімдер мен ішкі ресурс: ШҚО ПД қызметкерлеріне арналған тренинг

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде Гендерлік саясат жоспарын жүзеге асыру аясында Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының психологы қызметкерлерге арнап «Ақша аумағы» атты трансформациялық ойын форматында практикалық сабақ өткізді.

Ерекше формат қатысушыларға күнделікті кәсіби және өмірлік жағдайларға жаңа қырынан қарауға, жеке мінез-құлық үлгілерін талдауға және мақсатқа жетудің тиімді стратегияларын айқындауға мүмкіндік берді.

Іс-шара барысында стратегиялық ойлауды дамытуға, жеке тиімділікті арттыруға және кәсіби тұрғыдан күйзелістің алдын алуға ерекше көңіл бөлінді. Қарым-қатынастың еркін өтуі үшін қызметкерлер уақытша қызметтік киім үлгісін азаматтық киімге ауыстырды, бұл өз кезегінде ашық диалогқа және іс-шараға белсенді қатысуға септігін тигізді.

Мұндай іс-шаралар психологиялық тұрақтылықты нығайтуға, ішкі әлеуетті ашуға және қызметтік міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті ресурс жағдайын қолдауға ықпал етеді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі