Таңдау шыңында: «Қазақстан» тауында есірткіге қарсы акция өтті

Таңдау шыңында: «Қазақстан» тауында есірткіге қарсы акция өтті

Таңдау шыңында: «Қазақстан» тауында есірткіге қарсы акция өтті

Есірткіге қарсы күрес айлығы аясында ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Ауыл» партиясымен бірлесіп, «Қазақстан» тауында арнайы акция ұйымдастырды.

Қатысушылар биікке көтеріліп, спорт пен белсенді өмір салты есірткіге балама екенін жеке үлгілерімен дәлелдеді. Құрғақ сөз бен дәрістердің орнына – нақты іс-әрекет пен командалық рухқа басымдық берілді.

Есірткіге тәуелділік — жай ғана мәселе емес, бұл болашаққа төнген қауіп. Бұл тауға шығу — тәуелділікке «ЖОҚ» деп айтып, жарқын өмірдің жасанды қоспасыз да қолжетімді екенін көрсетудің бір жолы.

Мұндай іс-шаралар — полицияның жүйелі профилактикалық жұмысының бір бөлігі. Таңдау әрқашан адамның өз еркінде, ал бүгін олар денсаулықты, қимыл-қозғалысты және есірткісіз өмірді таңдады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі