Шығыс Қазақстан облысында «STOP Ішімдік» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Шығыс Қазақстан облысында «STOP Ішімдік» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Шығыс Қазақстан облысында «STOP Ішімдік» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

12–15 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында алкогольдік масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған «STOP Ішімдік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылауды күшейтіп, алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну, отбасылық-тұрмыстық жанжалдар және алкоголь қолданумен байланысты өзге де құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударады.

Сонымен қатар профилактикалық есепте тұрған адамдармен, сондай-ақ қоғамға жат мінез-құлыққа бейім азаматтармен жұмыс күшейтіледі. Полицейлер тікелей профилактикалық іс-шаралар өткізіп, есепте тұрған тұлғалардың белгіленген шектеулерді сақтауын тексереді.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қиын өмірлік жағдайға тап болған, тұрақты тұрғылықты жері мен табыс көзі жоқ азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету және қайта әлеуметтендіру шаралары қарастырылған.

Полиция департаменті азаматтарға қоғамдық тәртіп пен заңнама талаптарын сақтау қажеттігін еске салады. Алкогольге байланысты қылмыстың алдын алу өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және қоғамдағы тұрақтылық пен әл-ауқатты сақтаудың маңызды шарты болып табылады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі