ШҚО ПД-да мемлекеттік тілді оқыту курсының қорытындысы шығарылды

ШҚО ПД-да мемлекеттік тілді оқыту курсының қорытындысы шығарылды

ШҚО ПД-да мемлекеттік тілді оқыту курсының қорытындысы шығарылды

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде мемлекеттік тілді оқыту курсы өз мәресіне жетті. Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған курсқа департамент аппаратының 13 қызметкері қатысып, бірнеше ай бойы қазақ тілін меңгеру деңгейін арттырды.

Оқу барысында тыңдаушылар тілдік қорын байытып, сөйлеу дағдыларын жетілдіріп, мемлекеттік тілді қызметтік және күнделікті өмірде еркін қолдануға машықтанды.

Қорытынды тестілеу нәтижесі бойынша бағдарламаны меңгерудің жалпы көрсеткіші 80 пайызды құрады. Ал сегіз қызметкер мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін сәтті растап, А2 деңгейіндегі сертификаттарға ие болды.

Сертификаттар — тыңдаушылардың бірнеше айлық еңбегі мен білімге деген ұмтылысының нақты нәтижесі. Мемлекеттік тілді меңгеру кәсіби біліктілікті арттырып қана қоймай, халықпен тиімді қарым-қатынас орнатудың да маңызды құралы болып табылады.

ШҚО Полиция департаментінде мемлекеттік тілді дамыту және оны кеңінен қолдану бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі