
ШҚО-да «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
1 маусым мен 31 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мақсаты — есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау, жою және тыйым салынған өсімдіктерді егу фактілеріне тосқауыл қою.
Полиция қызметкерлері есірткі жеткізу арналарын анықтау, оларды таратуға қатысы бар адамдардың қызметін тоқтату және заңсыз егістіктерді жою бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. «Қарасора-2026» іс-шарасы басталған 9 күн ішінде есірткінің заңсыз айналымына байланысты 8 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.
Іс-шара барысында профилактикалық жұмысқа ерекше көңіл бөлінуде. Маусым айының басынан бері полицейлер есірткіге қарсы 12 іс-шара (акциялар, кездесулер, спорттық жарыстар, дәрістер) өткізді. Оған облыстың 7,5 мыңнан астам тұрғыны қатысты.
Бұл шара құқық қорғау органдары мен қоғамның күшін біріктіріп, есірткі қылмысына қарсы тұруға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі