Киберқылмысқа қарсы күрес: «Сабантуй» мерекесінде тұрғындарға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Киберқылмысқа қарсы күрес: «Сабантуй» мерекесінде тұрғындарға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Киберқылмысқа қарсы күрес: «Сабантуй» мерекесінде тұрғындарға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Өткен демалыс күндері Солжағалау саябағында өткен «Сабантуй» мерекесі тек демалыс орны ғана емес, пайдалы профилактикалық іс-шараның орталығына айналды. Мерекелік шара барысында киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тұрғындарға қаржылық қауіпсіздік ережелері мен интернет-алаяқтардан қорғану жолдары туралы маңызды ақпараттар берді.

Тәртіп сақшылары тұрғындармен тікелей тілдесіп, алаяқтықтың кең таралған әдіс-тәсілдерін түсіндірді және алданып қалмау үшін қажетті қадамдар жазылған жадынамалар таратты. Қала тұрғындары «банк қызметкерлері» атынан түсетін күдікті қоңырауларды қалай ажыратуға болатыны және алаяқтарға тап болған жағдайда қандай әрекет жасау керектігі туралы сұрақтарын қойды. Бұл форматтағы ашық сұхбат көптеген азаматтарға жеке мәліметтерін қорғаудың жолдарын үйренуге септігін тигізді.

Полиция департаменті барша тұрғындарды қаражаттың қауіпсіздігіне қырағы болуға шақырады. Басты ереже — телефонның арғы жағында кім сөйлессе де, оларға SMS-кодтарды, жеке кабинеттердің құпия сөздерін және банк карталарының деректемелерін еш жағдайда бермеу қажеттілігін ескертеді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі