Шығыс Қазақстан облысында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Шығыс Қазақстан облысында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Шығыс Қазақстан облысында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Бүгін, 8 маусымда, Шығыс Қазақстан облысында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Іс-шара көші-қон саласындағы бақылауды күшейтуге, заңнаманы бұзушыларды анықтауға, сондай-ақ өңір аумағында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған.

ЖПІШ аясында полиция қызметкерлерінің алдына бірқатар басым міндеттер қойылды: транзиттік ағынды тексеру, шетелдік азаматтар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету.

Осыған байланысты, тәртіп сақшылары барлық құрылыс нысандарын, базарларды, асханалар мен дәмханаларды міндетті түрде тексереді.

Жедел-профилактикалық іс-шара 12 маусымға дейін жалғасады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі