Спорт – есірткіге қарсы: Өскемендегі панкратион турнирі спорттық бәсеке мен профилактиканы ұштастырды

Спорт – есірткіге қарсы: Өскемендегі панкратион турнирі спорттық бәсеке мен профилактиканы ұштастырды

Спорт – есірткіге қарсы: Өскемендегі панкратион турнирі спорттық бәсеке мен профилактиканы ұштастырды

Өскемен қаласындағы «Maxi Mall» сауда орталығының алаңында панкратионнан ашық турнир өтті. Бұл ауқымды спорттық шара жасөспірімдерден бастап ересектерге дейінгі 150 спортшының басын қосты. Іс-шара тек тартысты жекпе-жектер алаңына айналып қана қоймай, жастар арасындағы профилактикалық жұмыстарының маңызды бөлігіне айналды.

Есірткіге қарсы айлық аясында Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттауға және жастар арасында есірткіге деген тұрақты теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған профилактикалық акция өткізді.

Турнир қорытындысы бойынша Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының атынан жоғары даярлық деңгейімен, қайсарлығымен және шынайы спорттық мінез-құлқымен көзге түскен спортшылар марапатталды.
«Үздік техника», «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» және «Жоғары спорттық рухы үшін» арнайы номинацияларының жеңімпаздарына грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Мұндай іс-шаралар бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салты қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ жастардың қауіпсіздік, тәртіп және есірткіден бас тарту құндылықтарына негізделген болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыруға зор ықпал етеді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі