
Шығыс Қазақстанда көлік жүргізу құқығынан айырылған кезекті мас жүргізуші ұсталды
Риддер қаласында түнгі патрульдеу кезінде патрульдік полиция қызметкерлері Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Toyota Land Cruiser Prado» маркалы көлікті тоқтатты.
Жүргізушімен сөйлесу барысында полицейлер оның масаң күйде екенінің белгілерін байқады. Медициналық куәландыру нәтижелері оның орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғанын растады. Сонымен қатар, жүргізушінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені, өйткені ол бұған дейін 8 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта көлік арнайы автотұраққа қойылып, құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ШҚО Полиция департаменті еске салады: мас күйде, әсіресе көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғалардың көлік жүргізуі жол қозғалысының барлық қатысушыларының өмірі мен қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіреді. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
ШҚО ПД баспасөз қызметі