Қамқорлық пен жанашырлық: ШҚО полициясы балаларды қорғау күнінде көпбалалы әріптесіне қолдау көрсетті

Қамқорлық пен жанашырлық: ШҚО полициясы балаларды қорғау күнінде көпбалалы әріптесіне қолдау көрсетті

Қамқорлық пен жанашырлық: ШҚО полициясы балаларды қорғау күнінде көпбалалы әріптесіне қолдау көрсетті

1 маусым — балалардың күлкісі мен қуанышқа толы ерекше күн. Біздің ұжымда қалыптасқан игі дәстүр бойынша, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері әріптестерінің отбасын, әсіресе қайсарлық пен ерліктің үлгісі болған жандарды ешқашан назардан тыс қалдырмайды.

Осы мерекелік күні ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рифхат Тауфиков әріптестерімен бірге полиция майоры Қуаныш Таныбаевтың шаңырағына арнайы ат басын бұрды.

Қуаныш — ішкі істер органдарында 19 жыл бойы абыроймен қызмет етіп келе жатқан кәсіби маман ғана емес, бес баласын жалғыз тәрбиелеп отырған үлгілі әке. Оның кенжесіне биыл төрт жас толып отыр.

Әріптестері отбасына қолдау көрсетуге, балаларға сыйлықтар табыстап, мерекелік көңіл-күй сыйлауға келді. Дегенмен, материалдық көмектен де маңыздысы — көрсетілген ықылас пен әрқашан сүйеу болар сенімді қолдаудың бар екенін сезіну.

«Біздің ұжымда істі жеке және қызметтік деп бөлу дағдысы жоқ: егер біреуге қиын болса, біз бүкіл команда болып көмекке келеміз. Бұл біздің жазылмаған ережемізге айналды. Өйткені, полиция — бұл әрқайсысы қол ұшын созуға дайын үлкен отбасы», — деп бөлісті Рифхат Шафихұлы.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі