ШҚО полицейлері «Жас сақшы» сыныбының тәрбиеленушілерін соңғы қоңыраумен құттықтады

ШҚО полицейлері «Жас сақшы» сыныбының тәрбиеленушілерін соңғы қоңыраумен құттықтады

ШҚО полицейлері «Жас сақшы» сыныбының тәрбиеленушілерін соңғы қоңыраумен құттықтады

Бүгін барлық мектептерде оқу жылының аяқталғанын білдіретін соңғы қоңырау соғылды. Салтанатты жиындарға оқушылар, ұстаздар, ата-аналар мен құрметті қонақтар қатысып, шәкірттерді жетістіктерімен құттықтап, оларға жақсы демалыс тіледі.

Осындай іс-шаралардың бірі №30 орта мектепте өтті. Мұнда «Жас сақшы» сыныбының тәрбиеленушілеріне ерекше назар аударылды. Бұл мамандандырылған полиция сыныбында оқушылар жалпы білім беру бағдарламасымен қатар заң негіздерін меңгеріп, саптық дайындықтан өтіп, ішкі істер органдары қызметкері мамандығымен танысады.

Оқудағы жетістіктері, тәртіптілігі және мектеп пен департамент өміріне белсенді қатысқаны үшін «Жас сақшы» сыныбы Полиция департаменті бастығының алғысхатымен марапатталды. Марапатты оқушыларға Жеке құраммен жұмыс басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Балықшинов табыстады.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін ұстаздар ұжымына алғыс білдіріп, оқушыларға жазғы демалысты қызықты әрі қауіпсіз өткізуді, жаңа жетістіктерге жетуді және алға қойған мақсаттарына нық қадаммен жетуді тіледі.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі