Бірлік пен жеңіс: ШҚО полицейлері футбол алаңында кездесті

Бірлік пен жеңіс: ШҚО полицейлері футбол алаңында кездесті

Бірлік пен жеңіс: ШҚО полицейлері футбол алаңында кездесті

ШҚО Полиция департаментінің Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының ұйымдастыруымен қызметкерлер арасында шағын футболдан турнир өтті. Жарыс жеке құрамның денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық рухты дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Турнир барысында қатысушылар жоғары дене дайындығын, жеңіске деген жігерін және ұйымшыл ойын көрсетті. Кездесулер тартысты әрі қызықты өтіп, жүлделі орындар үшін күрес соңғы ысқырыққа дейін жалғасты.

Жарыс қорытындысы бойынша:

1 орын — Өскемен қаласы ПБ Патрульдік полиция батальоны;
2 орын — ШҚО ПД Патрульдік полиция батальоны;
3 орын — Өскемен қаласы ПБ аппараты;
4 орын — ШҚО ПД аппараты.

Қызметтік міндеттерден тыс уақытта тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ғана емес, спорт алаңында да лайықты бәсекелесе алатындарын көрсетті. Турнир өзара құрмет, әділ ойын және шынайы командалық бірлік рухында өтті. 

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі