ШҚО тергеушілері мен анықтаушылары Мобильді академия аясында біліктіліктерін арттырды

ШҚО тергеушілері мен анықтаушылары Мобильді академия аясында біліктіліктерін арттырды

ШҚО тергеушілері мен анықтаушылары Мобильді академия аясында біліктіліктерін арттырды

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің орта буындағы басшы құрам қызметкерлері «Тергеу бөлімшелері мен анықтау органдары басшыларының кәсіби құзыреттерін жетілдіру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтады. Оқу бағдарламасы «Мобильді академия» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараны ШҚО ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы Тергеу басқармасы мен Анықтау басқармасының басшылығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Оқу бағдарламасы тергеу бөлімшелері мен анықтау органдары басшыларының кәсіби және басқарушылық дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Сабақ барысында полиция қызметкерлері жұмысты ұйымдастырудың заманауи әдістерін, кәсіби деформацияның алдын алу технологияларын, тергеу үдерістерін цифрландыру мәселелерін, жанжал психологиясын және оны шешу жолдарын, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың ерекшеліктерін, заңнамадағы өзекті өзгерістерді және басқа да маңызды тақырыптарды зерделеді.

Практикалық дайындыққа және күнделікті қызметтік міндеттерді орындауда тиімді шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Оқытудың мобильді форматы білім беру бағдарламасының қолжетімділігін қамтамасыз етіп, тыңдаушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік берді.

Алынған білім мен дағдылар қызметкерлерге қылмыстық істерді тергеу сапасын арттыруға, бөлімшелер жұмысының заңдылығы мен тиімділігін нығайтуға, сондай-ақ өңір тұрғындарының құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі