Жүргізуші, абай болыңыз: балалар!

Жүргізуші, абай болыңыз: балалар!

Жүргізуші, абай болыңыз: балалар!

Жазғы демалыс қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Абайлаңыз – балалар!» республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның басты мақсаты – жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Аталған кезеңде Әкімшілік полиция басқармасы білім беру ұйымдарының маңындағы жол инфрақұрылымын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстарды бастады.

Қалалар мен елді мекендердің көше-жол желісіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жолға тікелей шығатын мектептердің маңына 2 000 шаршы метрден астам көлденең жол таңбаларын салу жұмыстары басталды.

Сонымен қатар білім беру нысандарының жанындағы жасанды жол кедергілерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған бағытта 55 жасанды жол кедергісін орнату жоспарланған.

Құрметті жүргізушілер, балалар – жол қозғалысының сақтықты ерекше қажет ететін қатысушылары екенін есте сақтаңыздар. Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтап, жылдамдықты алдын ала төмендетіп, мектеп демалысы кезеңінде сақ болыңыздар!

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі